Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді •

    Түркістанда экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан шетелдік азамат ұсталды

    Түркістанда экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан шетелдік азамат ұсталды

    Түркістан облысында тәртіп сақшылары экстремистік сипаттағы материалдарды таратты деген күдікпен шетелдік азаматты ұстады. Бұл туралы qazaq.today ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері радикалды діни идеяларды жақтайтын таяу шетел азаматын ұстады. Күдікті әлеуметтік желілерде халықаралық лаңкестік ұйымдардың уағызшыларының бейнероликтерін және терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқан.

    Тінту кезінде жедел уәкілдер күдіктіден заттай айғақ болатын материалдар бар екі ұялы телефонды тәркіледі. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шетелдік азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Қазір осы іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →