Басты бет » Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы ұсталды

Фото: СҚО ҚАЖД баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы жемқорлық күдігімен ұсталғанын растады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы сотқа дейінгі тергеу шаралары аясында ұсталғанын растайды. Кейін қосымша ақпарат береміз» делінген агенттіктің ресми мәліметінде.

Еске сала кетейік, бұл қызметті 2023 жылдың мамырынан бері Әділет Мұстафинов атқарып келе жатыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика