Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді •

    Астанада екі жасар бала 10-қабаттан құлап кетті

    Астанада екі жасар бала 10-қабаттан құлап кетті

    Астанада екі жасар бала 10-шы қабаттан құлап кетті. Қазір бүлдіршіннің жағдайы орташа, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

    Бала терезе торына жармаса құлаған. Абырой болғанда, жедел жәрдем бригадасы тез жетіп, аман алып қалды. Операция сәтті өтті дейді дәрігерлер. Айта кетейік жыл басынан бері бүлдіршіндердің терезеден құлауы бойынша 40 жағдай тіркелген. Оның төртеуі өліммен аяқталған. Ал өткен жылы дәл осындай 19 іс тіркелген. Бір сәби көз жұмған.

    «Басынан жарақат алған. Біз хирургиялық мәселелерді шештік. Өкпесіне, іш құрылысына зақым келген. Қазір жағдайы қалыпты. Бізде шамамен 10 күн жатты. Кейін неврология бөліміне ауыстырдық. Терезеден құлау фактілері жаз мезгілінде, әдетте, жиілейді», — деді №2 қалалық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Серік Баймулдин.

    Фото: astanatv.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →