Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді •

    Атырауда қарақұрт қаптады: екі бала жансақтау бөліміне түскен

    Атырауда қарақұрт қаптады: екі бала жансақтау бөліміне түскен

    Атырауда қарақұрт шаққан екі бала ауруханаға түсті, — деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

    Жаздың алғашқы айында баланы қарақұрт шаққан үш жағдай тіркелді. Барлық жағдайда балалар жеке үйдің ауласын тазалап, бақшада өнім теруге көмектесіп жүргенде шаққан.

    Қарақұрт шағып алған екі бала Атырау облысы балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесіне орналастырылды.

    «Балалардың жағдайы бірқалыпты, қазір олар палатаға ауысты. Бір бала емделіп, ауруханадан үйіне шықты. Егер сіз қандай жәндік шағып алғанын білмесеңіз, дереу медициналық көмекке жүгінгеніңіз жөн», — дейді облыстық аурухананың иммунологы Тәбие Елшібекова.

    Еске салайық, бұған дейін де Атырау облысында қарақұрт шаққан он адам ауруханаға түскені хабарланды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →