Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 30 шілде 2026 $ 476,8 543,3 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алтынай Жорабаева жолдасының қызының тойына аза тұту себебімен қатыспады Астанадағы Президент саябағында қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды Curiosity Марста зымыран сынығына ұқсас нысанды түсірді Астанада «Болашақ ойындары» — фиджитал турнир басталды Ақтөбелік ата-ана ұлы Русланды 27 жыл бойы іздеп келеді «Қайрат» пенальти сериясында «Омонияны» жеңіп, Чемпиондар лигасының үшінші айналымына өтті Алтынай Жорабаева жолдасының қызының тойына аза тұту себебімен қатыспады Астанадағы Президент саябағында қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды Curiosity Марста зымыран сынығына ұқсас нысанды түсірді Астанада «Болашақ ойындары» — фиджитал турнир басталды Ақтөбелік ата-ана ұлы Русланды 27 жыл бойы іздеп келеді «Қайрат» пенальти сериясында «Омонияны» жеңіп, Чемпиондар лигасының үшінші айналымына өтті

    «Абақтыда дөкей біреудің туған күні болып жатқан жоқ па?» Белгілі асаба түрмеге қамалған әртістерге қатысты пікір білдірді

    «Абақтыда дөкей біреудің туған күні болып жатқан жоқ па?» Белгілі асаба түрмеге қамалған әртістерге қатысты пікір білдірді

    Асаба ақын Құрманай Бақтиярқызы түрмеге қамалған Қайрат Нұртас, Әбдіжаппар Әлқожа, Тұрсынбек Қабатовқа қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

    Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

    «Абақтыда дөкей біреудің туған күні болып жатқан жоқ па? Қылыштан өткір, өжет жүректі, өзгеше ұлдарыңа қарай көңіл аудартқызатындай Қазақстанда не боп жатыр екен а? Әдейі қасақана көңілімізді бұзып, заңсыз шұжық пісіріп жатпасын. Аллаға аманат, қазағым тыныш болсын..», — деп жазды ол.

    Ал Желі қолданушыларына өнер иесінің сөздері ұнамай қалды.

    «Өсіп келер жастарға өнеге көрсететін бір іс бітіргендей, батыр қылып көрсетіп керек емес. Үшеуі де араққа тойып алып, көкіректеріне нан пісіп, шу шығарып жүрген ғой. Сонша дәріптейтіндей кім еді бұлар?», «Осы мықтылар қайда қалды қаңтарда? Отан үшін отқа түс жанбайсың. Бердах сияқты шықпады ма? Дымы жоқ қанша қарапайым халық кінәсіз болса да, әлі жатыр ғой. Әншілердің бәрі ақшаның буына семіріп кеткен», «Құреке, «қылыштан өткір өжет» дейтіндей не өжеттік көрсетіп еді? Жалпы ел алдында, сахнада жүрген дегеніңіз дұрыс болар», «Дұрыс. Заң бұзған болар, бұзбаса жайдан-жай ұстамайды ғой», — деп жазды олар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →