Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Блогер Super.mamasita көмектеспек болған көпбалалы ананың өзін алдағанын айтты • Әкім ауысқанымен, қоқыс сол күйі: Степногорск тұрғындары тағы да әкімдікке наразы • Қазақ спортшысы әлем чемпионы атағынан айырылып, үш жылға шеттетілді • Нұрболат Абдуллин би видеосымен желі қолданушыларын тәнті етті • АҚШ Ұлыбритания аумағындағы 12 әскери ұшағын шығарды • Ақан Сатаевтың «Күлпәш» фильмінің премьерасы кейінге шегерілді • Блогер Super.mamasita көмектеспек болған көпбалалы ананың өзін алдағанын айтты • Әкім ауысқанымен, қоқыс сол күйі: Степногорск тұрғындары тағы да әкімдікке наразы • Қазақ спортшысы әлем чемпионы атағынан айырылып, үш жылға шеттетілді • Нұрболат Абдуллин би видеосымен желі қолданушыларын тәнті етті • АҚШ Ұлыбритания аумағындағы 12 әскери ұшағын шығарды • Ақан Сатаевтың «Күлпәш» фильмінің премьерасы кейінге шегерілді •

    «Тыныш жүріңдерші»: Ақбота Керімбекова әріптестері Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожа туралы айтты

    «Тыныш жүріңдерші»: Ақбота Керімбекова әріптестері Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожа туралы айтты

    Әнші Ақбота Керімбекова үстінен әкімшілік іс қозғалып, қамауға алынған өнердегі әріптестері Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожа туралы пікір білдірді.

    Ол әріптестерін тек жақсы қырынан танитынын айтқан. Алайда эстрадада қызуқанды азаматтар бар екенін атап өтті.

    «…Адам танитын жасқа келдік қой, рас, біздің эстрадада қызуқанды жігіттер бар. Ол қасиет қазір оғаш көрінгенімен, бұрынырақ жігітке тән мінез саналатын ғой. Бірақ дәл Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожа жанына тимесең көтеріле қоймайтын ең бір елгезек, кісі сыйлайтын інілердің қатарында болатын. Бірінен соң бірін тоғытатындай бұл не жағдай деп ойланып отырмын да… Кімнің қандай пиғылын бүркелемеу үшін 10-15 күн керек болды екен?.. Өмір сүру қиындап барады. Сен тиіспесең де саған тиісіп, сен желікпесең де желіктіріп… Оған және қуанып жатқан жартыбастарды айтсайшы… Ақыры жақсы болсын дейік!.. Жігіттерді жарға жыға беру дұрыс емес! Ерегескенде қоғам назарын басқа жаққа бұрмай, қулықтарға көнбей қойса ғой, шіркін!.. Тыныш жүріңдерші, балдар-әй», – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →