Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,8 537,1 5,38
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты Пәкістанда перзентханадағы өрттен 14 нәресте қаза тапты Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты Пәкістанда перзентханадағы өрттен 14 нәресте қаза тапты

    Оңтүстік Корея зауытындағы өрт: қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар ма

    Оңтүстік Корея зауытындағы өрт: қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар ма

    Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореядағы зауытта өрттен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма, анықтап жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Сеул маңындағы Хвасон қаласындағы литий батареялары зауытында өрттен 22 адам құрбан болды. Белгілі болғаны, оның 18-і – Қытай азаматы. Бір лаостық және екі оңтүстік кореялық жұмысшы бар. Сондай-ақ, кем дегенде тағы бір адам жоғалып кетті, деп жазады Azattyq Rýhy.

    Оңтүстік Корея өрт сөндірушілері қаза тапқандардың көпшілігі қатты күйіп кеткенін, сондықтан әрқайсысын анықтау үшін уақыт қажет екенін айтты.

    Сеулден оңтүстікке қарай 45 шақырым жерде орналасқан Хвасондағы зауытта өрт кеше таңертең тіркелді. Барлық қаза тапқандар №3 зауыт ғимаратының екінші қабатынан табылды.

    Фото: Yonhap

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →