Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаевтың сынынан кейін тасжолдардағы жүк көліктеріне тексеріс күшейді • Қазақстанда кредиттік рейтинг агенттіктерін реттейтін заң күшіне енді • Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды • Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды • Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты • Тоқаевтың сынынан кейін тасжолдардағы жүк көліктеріне тексеріс күшейді • Қазақстанда кредиттік рейтинг агенттіктерін реттейтін заң күшіне енді • Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды • Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды • Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты •

    Қырғызстанда мас жүргізуші көлікті суға құлатып, 6 бала көз жұмды

    Қырғызстанда мас жүргізуші көлікті суға құлатып, 6 бала көз жұмды

    Қырғызстанда көлік тоғанға құлап, салондағы сегіз баланың алтауы суға батып кетті, деп жазады Qazaq.today ақпарат агенттігі.

    Оқиға кеше, 20 маусым кешке Қара Балта ауылы маңында болған. Volkswagen Jetta жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып тоғанға құлаған, деп жазды kaz.inform.kz.

    Көлікте үш ересек пен сегіз бала болған. Төрт пен тоғыз жас аралығындағы алты бала суға батып кетті. Олардың бәрі — бір отбасының мүшелері.

    Қара Балтаның 40 жастағы тұрғыны әйелі және төрт баласымен бірге № 3 тоғанға демалуға келген. Олардың жанында ер адамның әпкесі және оның төрт баласы — бас-аяғы үш ересек және сегіз бала болған.

    Демалыстан қайтып келе жатқанда жүргізуші көлік руліне ие бола алмай, суға құлайды. Көлік жүргізген адам мас болған.

    Жүргізуші, оның әйелі, үш айлық қызы, ер адамның әпкесі және оның жеті жасар қызы аман қалды. Олар ауруханаға жеткізілді.

    Сот-құқықтық сараптама тағайындалды. Тергеу аясында жүргізуші ұсталды.

    Шу облысының ішкі істер басқармасы жүргізушінің балаларды «шомылуға болмайды» деген белгісі бар жерге әкеліп, онымен қоймай мас болып көлікке отырғанын, осы жағдай олардың өліміне әкелгенін хабарлады.

    Ер адам қамауда отыр. Тергеу жалғасуда.

    Фото: 24.kg

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →