Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Бас прокурор отставкаға кетті

    Бас прокурор отставкаға кетті

    Фото: kg.akipress.org

    Қырғызстанның бас прокуроры Құрманқұл Зулушев өз еркімен отставкаға кету туралы өтініш берді. Бұл туралы ақпаратты Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов растады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысының хабарлауынша, қазіргі уақытта Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров прокуратура қызметкерлері арасынан жаңа бас прокурор лауазымына кандидатураны қарастырып жатыр.

    Құрманқұл Зулушев Бас прокурор қызметін 2020 жылдың 21 қазанынан бастап атқарды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →