Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда қойма өртке оранды «Оны қалай ақтап алды?»: Жүкті әйелдің қолынан қаза тапқан азаматтың туыстары істі қайта қарауды талап етуде Балл абсолютті емес: неге 120 ұпай грант әпермей, 100 ұпай жеткілікті болады? Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты Ауыр атлет Ақжол Құрманбек Азия чемпионы атанды Оқ басы мен кеудесіне тиген: Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін атып өлтірді Алматыда қойма өртке оранды «Оны қалай ақтап алды?»: Жүкті әйелдің қолынан қаза тапқан азаматтың туыстары істі қайта қарауды талап етуде Балл абсолютті емес: неге 120 ұпай грант әпермей, 100 ұпай жеткілікті болады? Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты Ауыр атлет Ақжол Құрманбек Азия чемпионы атанды Оқ басы мен кеудесіне тиген: Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін атып өлтірді

    100 жастан асқанда үйленген ерлі-зайыпты Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

    100 жастан асқанда үйленген ерлі-зайыпты Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

    Фото: foxnews.com

    100 жасында отау құрған америкалық жұп Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Бұл туралы ы Qazaq Today ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Филадельфиялық 100 жастағы Берни Литтман мен 102 жастағы Марджори Фитерман ең қарт жұп ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кіруге өтініш берді. Олардың үйлену тойы қарттар үйінде өтті.

    Литтманның немересі Сара Зичерман оның атасы мамандығы бойынша музыкант болғанын айтады. Оның бұрынғы некесі 65 жылға созылған. Әйелі қайтыс болғаннан кейін атасы қарттар үйіне орналастырылған, ол сонда Фитерманды кездестірген. Фитерман да 60 жыл бірге отасқан отағасынан айырылған.

    Бір қызығы, Берни Литтман мен Марджори Фитерман бір университетте оқыған, бірақ ол кезде бір-бірін танымаған.

    Ерлі-зайыптылардың махаббаты тоғыз жыл бұрын басталған деседі.

    «Атам үйленгісі келетінін айтқанда, біз қатты таң қалдық. Олар ресми түрде үйленеді деп ойлаған жоқпыз. Бірақ атам табан тіреп тұрып алды, олар үйленді», — деп қосты Сара.

    100 жастағы неке
    Фото: foxnews.com
    100 жастағы неке
    Фото: foxnews.com

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →