Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады • Мөлдірге жету қайда: Желіде Тұрсынбектің екінші әйелі көптің талқысына түсті (ВИДЕО) • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады • Мөлдірге жету қайда: Желіде Тұрсынбектің екінші әйелі көптің талқысына түсті (ВИДЕО) •

    Елімізге белгілі әнші қамауға алынды

    Елімізге белгілі әнші қамауға алынды

    Фото: instagram.com/farema_kazakpayeva

    Қазақстандық танымал әнші Фарема Қазақпаева әлеуметтік желіде әдепсіз сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасады деп айыпталған әншіге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады.

    «Сот YouTube видео хостингінде К. әдепсіз сөздер айтқан видеоподкаст жарияланғанын анықтады. Одан әрі бұл видео басқа әлеуметтік желілерде тараған», — делінген сот хабарламасында.

    Сот отырысында К., өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

    Сот қаулысымен Қ. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →