Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды • Алматыда жүргізуші бірнеше көлікті соғып, тротуардағы екі бозбаланы қағып кетті (ВИДЕО) • Жарақат алған Дастан Сәтпаев жанкүйерлерін қуантты • Президент Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшыларының кездесуіне қатысады • Ақмоладағы құрылыс нысанында 44 шетелдік заңсыз жұмыс істеген • «Көбіне өтірік сөйлейміз»: Роза Әлқожа отбасына қатысты шындықты айтты • «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды • Алматыда жүргізуші бірнеше көлікті соғып, тротуардағы екі бозбаланы қағып кетті (ВИДЕО) • Жарақат алған Дастан Сәтпаев жанкүйерлерін қуантты • Президент Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшыларының кездесуіне қатысады • Ақмоладағы құрылыс нысанында 44 шетелдік заңсыз жұмыс істеген • «Көбіне өтірік сөйлейміз»: Роза Әлқожа отбасына қатысты шындықты айтты •

    Бүгін еліміздің көп бөлігінде үсік жүреді — Қазгидромет

    Бүгін еліміздің көп бөлігінде үсік жүреді — Қазгидромет

    Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, оңтүстіктегі таулы аудандарда су деңгейі көтерілуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова мәлімдеді, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.

    6 мамырда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлім өтеді. Осыған байланысты ауа райы тұрақсыз болады.

    «Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және шығыста қатты жаңбыр жауады. Тек солтүстікте, орталықта ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміз бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста дауыл тұрып, оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, солтүстік-батысқа, оңтүстікке, орталыққа тұман түседі», — делінген хабарламада. 

    Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қостанай облысында -1-6 градус үсік сақталады. Ақтөбе облысының солтүстігінде, Павлодар, Қарағанды облыстарының батысында, солтүстігінде -3 градус үсік жүреді», — деді Алина Ысмағұлова ОКҚ-да өткен брифингте.

    Сонымен қатар Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының шығысында, орталығында, Қызылорда облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Сондай-ақ Жетісу облысында өзендер арнасынан асуы мүмкін.

    «Биыл 6-7 мамыр аралығында қатты жауын-шашынға байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда сел жүріп, өзендерде су деңгейі көтеріліп, су басуы мүмкін. Өзендер арнасынан асқан жағдайда елді мекендерді, шаруашылық нысандарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады», — деді баспасөз хатшысы.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →