Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған •

    «ҚазТрансГаз Аймақ» тұтынушыларға негізсіз 1,2 млрд теңге есептеген

    «ҚазТрансГаз Аймақ» тұтынушыларға негізсіз 1,2 млрд теңге есептеген
    Фото: Shutterstock
    Қазақстанның ірі газбен жабдықтаушы компаниясы «ҚазТрансГаз Аймақ» тұтынушыларға негізсіз есептелген 1,2 млрд теңгені қайтарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелері ҚР Бас прокуратурасының талаптары шеңберінде бірқатар өңірлердегі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалдарына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізді.

    Олардың нәтижелері бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалдарының іс-әрекеттерінде реттелетін қызметке жатпайтын қосымша талаптарды белгілеу бойынша бұзушылықтар анықталды. Газды құю, пломбалау және алғашқы іске қосу қызметтері үшін тұтынушылардан негізсіз төлемдер алынды.

    Осы қызметтер үшін негізсіз есептеулер сомасы шамамен 1,2 млрд теңгені құрады.

    «Аталмыш «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалдарына қатысты жол берілген бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 79 536 471 теңге көлемінде әкімшілік істер қозғалды».

    ҚР ҰЭМ ТМРА аумақтық бөлімшелері монополист-субъектінің филиалдарының атына тұтынушыларға негізсіз есептелген сомаларды қайтару және газды кесу, пломбалау және бастапқы іске қосу қызметтері үшін ақы алу бойынша практиканы тоқтату арқылы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар енгізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →