Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 27 қараша 2026 $ 458,3↓€ 503,1↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: Астана мен Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін президенттік кітапханалар ашылады • Тоқаев: Қазақстан мен Президент ретінде оқуын қалаған елінде жалғастыруыңа жан-жақты көмектесемін • Тоқаев: Интернет «қоқыс жәшігі» емес, өнімді еңбек кеңістігі болуы керек • Тоқаев: Технологиялық теңсіздіктің ушығуына жол бермеу керек • Тоқаев: Жасанды интеллект саласында халықаралық ынтымақтастыққа жағдай жасау қажет • Көмір бар, жол жоқ: Ресей шектеуінен кейін Қазақстан экспортқа қандай балама таба алады? • Тоқаев: Астана мен Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін президенттік кітапханалар ашылады • Тоқаев: Қазақстан мен Президент ретінде оқуын қалаған елінде жалғастыруыңа жан-жақты көмектесемін • Тоқаев: Интернет «қоқыс жәшігі» емес, өнімді еңбек кеңістігі болуы керек • Тоқаев: Технологиялық теңсіздіктің ушығуына жол бермеу керек • Тоқаев: Жасанды интеллект саласында халықаралық ынтымақтастыққа жағдай жасау қажет • Көмір бар, жол жоқ: Ресей шектеуінен кейін Қазақстан экспортқа қандай балама таба алады? •

    Елена Рыбакина Мадридке келді: Мен өзіме сенемін

    Елена Рыбакина Мадридке келді: Мен өзіме сенемін

    Фото: ҚТФ

    Өткен аптада Штутгарт WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанған Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Испания астанасы Мадрид қаласына келіп, жаттығуға кірісті. Мадрид WTA 1000 жарысында бақ сынайтын қазақстандық теннисші өз ой-толғамымен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Елена Рыбакина Штутгарттағы жеңісіне өте қуанышты екендігін жеткізді, деп жазады kaz.inform.kz.

    Оның сөзіне қарағанда, дода барысында үш сетке созылған матчтар оңайға түскен жоқ. Әсіресе, жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекпен ойын өте қиынға соқты. Дегенмен теннисші финал алдында қалпына келе алған.

    «Шешуші бәсекеге тас-түйін жинала білдім. Соның арқасында автомобильді де қоса ұтып алдым. Шынымды айтсам, Штутгарт турнирі алдында пәлендей ештеңе күткен жоқпын. Топырақ төсенішіндегі кортта дайындық ұзақ болмағандықтан, барынша көбірек матч өткізуге тырыстым. Енді Штутгарттағы жеңіс маған күш берді. Қалған топырақ төсенішіндегі маусымды жоғары деңгейде өткіземін деп үміттенемін. Мадридке ұшып келіп, жаттығуға кірістім. Мұндағы мақсатым туралы айтсам, мен әрқашан да өзіме сенемін. Әрине, барлығы маған байланысты емес, жарыста көптеген мықты теннисшілер өнер көрсетеді. Бірақ мен өзімді еркін сезінемін, денім сау, дайындығым жақсы», деді Е.Рыбакина.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →