Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Астанада ер адам жас қызға шабуыл жасаған

    Астанада ер адам жас қызға шабуыл жасаған
    Screenshot

    Фото: видеодан алынған кадр

    Астанада көпқабаттың үйдің кіреберісінде ер адам 20 жастағы қызға шабуыл жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Жәбірленушінің түнгі уақытта үйіне келе жатқаны анықталды.

    Үйінің есігіне жақындаған кезде ол орындықта отырған ер адамды байқаған. Қыз есікті ашып ішке кірген кезде ер адам оның артынан келіп, шабуыл жасап, сөмкесін жұлып алмақ болған. Бірақ қыз қашып үлгерген.

    «Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында «Есіл» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұрын тонау үшін сотталған 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тінту кезінде одан ас үй пышағы табылды», — деп хабарлады полициядан.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →