Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Respublica партиясы Құрылтай депутаттарының мандаттарын бөлу кезектілігін бекітті 13 жастағы Нұралы Әлхан суға батқан баланы құтқарғаны үшін ТЖМ медалін алды Санжар Боқаев пен Ұлан Нүсіпқожаның қамау мерзімі ұзартылды БАӘ-де қаза тапқан Бохановалардың әпкесі сіңлілерінің соңғы сәтін еске алды Исламабадтағы ауруханада болған өрттен 14 нәресте қаза тапты Бурабайда адасып кеткен қыз бес сағаттан кейін табылды Respublica партиясы Құрылтай депутаттарының мандаттарын бөлу кезектілігін бекітті 13 жастағы Нұралы Әлхан суға батқан баланы құтқарғаны үшін ТЖМ медалін алды Санжар Боқаев пен Ұлан Нүсіпқожаның қамау мерзімі ұзартылды БАӘ-де қаза тапқан Бохановалардың әпкесі сіңлілерінің соңғы сәтін еске алды Исламабадтағы ауруханада болған өрттен 14 нәресте қаза тапты Бурабайда адасып кеткен қыз бес сағаттан кейін табылды

    Бектенов Мемлекет басшысын елдегі су тасқыны жағдайы туралы үнемі хабардар етіп отырады

    Бектенов Мемлекет басшысын елдегі су тасқыны жағдайы туралы үнемі хабардар етіп отырады

    Фото: Ақорда
    Премьер-Министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты елдегі су тасқыны жағдайы мен ахуалды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы үнемі хабардар етіп отыр, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент тапсырмасы бойынша, Олжас Бектенов бүгін Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарына барды. Сондай-ақ өңірлік штаб жетекшілерінің қатысуымен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді.

    Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қостанай облысына жіберілді. Міндет — су тасқыны жағдайын тұрақтандыру бойынша жергілікті жұмыстарды үйлестіру.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →