Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады Жамбыл облысында фосфор зауытындағы жарылыстан 26 жасар жұмысшы мүгедек болды Месси мен Кейн кездеседі: Әлем чемпионатының жартылай финалистері анықталды Макгрегордың тарихи оралуы мерзімінен бұрын аяқталды Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады Жамбыл облысында фосфор зауытындағы жарылыстан 26 жасар жұмысшы мүгедек болды Месси мен Кейн кездеседі: Әлем чемпионатының жартылай финалистері анықталды Макгрегордың тарихи оралуы мерзімінен бұрын аяқталды Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді

Израиль Сирия астанасындағы Иран консулдығына әуеден шабуыл жасады

Израиль Сирия астанасындағы Иран консулдығына әуеден шабуыл жасады

Фото: euronews

Дамасктегі Иран консулдығының ғимараты Израиль жасаған соққы салдарынан толықтай қирап қалды, құрбандар бар, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Жергілікті Irna басылымының жазуынша, ирандық әскери кеңесші, 2016 жылға дейін Ливан мен Сириядағы элиталы “Кудс” күштеріне жетекшілік еткен генерал Али Реза Захди қаза тапты.

Al Hadath басылымының ақпараты бойынша, жалпы жасалған соққылардан сегіз адам мерт болды.

Ирандық елші Хосейн Акбари мен отбасы шабуыл кезінде зардап шекпеген.

Айта кетейік, Иерусалимде үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен халық төрт күндік наразылық шеруін бастады.

Наразылық акциясын ұйымдастырушылар премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап еткен. Сонымен қатар наразылыққа шыққандар Израильде мерзімінен бұрын сайлау өткізуге және ел басшыларын Газада тұтқында отырған 130 тұтқынды босатуға мүмкіндік беретін келісімге келуге шақырды.

Бұл шеру 7 қазаннан бергі жасалып жатқан наразылық шараларының ең ауқымдысы болды. Ұйымдастырушылар 100 мыңнан астам адам наразыққа шыққанын айтса,  БАҚ-та 10 мыңнан астам адам қатысқан деген ақпарат тарады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →