Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады

    Қазақстанда қанша партия тіркеле алмай жүр?

    Фото: Vlast.kz

    Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова тіркеуден өте алмай жүрген саяси партиялар туралы айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Тілшілер спикерден «Бүгінде қанша партия өтініш беріп, тіркеуден өте алмай жатыр?» деп сұрады.

    «2023-2024 жылдары Әділет министрлігіне 17 өтініш түсті. Бірақ шешім әлі қабылданған жоқ. Тиісті рәсімдер қаралып жатыр. Заңға сәйкес шешім қабылданады», — деді Ботагөз Жакселекова Сенат кулуарында.

    Спикер Yntymaq партиясына да тоқталды.

    «Расында да, Әділет министрлігіне түрлі бастамашылық топтардан ұсыныстар түсіп жатады. Оның ішінде Yntymaq та бар. Бастамашыл топ жүгінді. Бүгінде бастамашыл топқа растама берілді. Білуімше, олар тіркеуге құжаттарын дайындап жатыр», — деді вице-министр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →