Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 25 қараша 2026 $ 456,7↑€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Беллингем ПСВ қақпасына ширақ соққымен әдемі гол енгізді • Уимблдон рекордшысы Леся Цуренко мансабын аяқтады • Бибисара Асаубаева жары Жавохир Синдаровқа әлем чемпионы атағы үшін матч алдында сәттілік тіледі • Қытай АҚШ-қа галлий, германий және графит экспортын бақылауды 28 қарашадан бастап тоқтатады • Роза Әлқожа директорымен бірге Тайландта демалды • «Қайрат» Молдовада украиндық «Атлетикті» 3:2 есебімен жеңді • Беллингем ПСВ қақпасына ширақ соққымен әдемі гол енгізді • Уимблдон рекордшысы Леся Цуренко мансабын аяқтады • Бибисара Асаубаева жары Жавохир Синдаровқа әлем чемпионы атағы үшін матч алдында сәттілік тіледі • Қытай АҚШ-қа галлий, германий және графит экспортын бақылауды 28 қарашадан бастап тоқтатады • Роза Әлқожа директорымен бірге Тайландта демалды • «Қайрат» Молдовада украиндық «Атлетикті» 3:2 есебімен жеңді •

    «Экс-президенттің үлкен күйеу баласы кәсіпкерлерге қысым жасады» – Қоғам қайраткері

    Фото: Видеодан кадр

    Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер Әлихан Байменов өзінің мемлекеттік қызметке, саясатқа одан әрі оппозиция қалай және қашан келгенін. Тәуелсіздіктен кейін қоғамда қандай өзгерістер болды. Мемлекеттік қызметтегілердің қандай түрі болғанын, олар қалай ақшалы болып, қалталарын қампитқанын туралы ол «QASQA JOL» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Оның айтуынша, демократиялық таңдау қозғалысына келген, соның құрылтайшысы болғандарды 3-4 топқа бөлуге болады.

    «Біреулері басынан бастап кәсіпкер болып жүргендер. Олардың не себепті қалталы болғаны түсінікті. Біреуі жекешелендіруге қатысты, купондармен айналысты, солай қалталы болды. Олар нақты бірінші президенттің (ред. Н.Ә. Назарбаевтың) үлкен күйеу баласының қысымын көргендер. Себебі ол нақты бизнесте кейбіреулерге қысым жасады», — дейді ол.

    Ал екінші топ — олар мемлекеттік қызметте жүрсе де, түрлі жолмен қалтасын қампитып, жекешелендіруге қатысқан басқа топ.

    «Үшінші топ – мемлекеттік қызметте ғана болып, тікелей өздеріне ешқандай қысым көрмеген, бірақ, ахуалдың күрделеніп бара жатқанын түсініп жүргендер. Мен сол үшінші топтың өкілі болдым. Мен мемлекеттік қызметке 1992 жылдың басында келдім. Тәуелсіздік болмаса мемлекеттік қызметте болмас едім. Себебі, оған дейін мен «Ұлытау» қозғалысын құрдым. «Невада-Семейдің» облыстық бөлімшесін құрдым. Сол уақыттың тілімен айтқанда бейресми ұйымдар болып жүріп, содан депутат болып, тәуелсіздіктің арқасында ғана қызметке келгенмін. Лауазымда тез көтеріліп келе жатқанның өзінде бірнеше жағдай көңілде күдік қалыптастырды», — дейді Байменов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →