Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 24 шілде 2026 $ 467,3 534,0 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «32 жыл бірге тұрдық»: Белгілі әзілкештің әйелі жан сырын ақтарды «Қазақмыс» өндірістегі еңбек жағдайын жақсартуға 2,4 млрд теңге бөлді «Әйеліммен енем таныстырды»: Асан Пердешов жеке өмірі туралы айтты Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен телефон арқылы құттықтады Орташа көрсеткіштен 40%-ға жоғары: Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орында «Үй құлағалы тұр»: Петропавлда 5 қабатты үйдің жертөлесін белгісіз сұйықтық басып қалды «32 жыл бірге тұрдық»: Белгілі әзілкештің әйелі жан сырын ақтарды «Қазақмыс» өндірістегі еңбек жағдайын жақсартуға 2,4 млрд теңге бөлді «Әйеліммен енем таныстырды»: Асан Пердешов жеке өмірі туралы айтты Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен телефон арқылы құттықтады Орташа көрсеткіштен 40%-ға жоғары: Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орында «Үй құлағалы тұр»: Петропавлда 5 қабатты үйдің жертөлесін белгісіз сұйықтық басып қалды

    «Қандас» мәртебесін алу жеңілдейді

    Фото: Pixabay

    Бұған дейін тек Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі және «Құтты мекен» АЖ мобильдік қосымшасы арқылы өтініш беру мүмкін болған. Енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы да мұндай өтініштерді қабылдайтын болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бұл туралы министрліктің Ашық НҚА порталында жариялаған құжат жобасынан белгілі болды.

    «Қандас мәртебесін беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі арқылы, «Құтты мекен» АЖ мобильдік қосымшасы не мемлекеттік корпорация («Азаматтарға арналған үкімет» – ред.) арқылы береді» делінген өзгертулер жобасында.

    «Қандас» мәртебесін алуға өтініш берушілердің құқық бұзушылықтар жасағаны не жасамағаны және экстремистік, террористік ұйымдарға мүшелігі туралы ақпаратты тексеру уақыты 20-дан 10 тәулікке қысқарады. Ал комиссия өтінішті 5 тәулік ішінде (қазіргі қолданыстағы ереже бойынша – 10 тәулік) қарайды.

    «Бұл Ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелерінде жұқа клиентке «Қандас» ААЖ орнату арқылы электрондық форматта верификацияны енгізумен және тиісінше комиссияда этникалық қазақтардың ұсынылған материалдарын қарау мерзімдерін қысқартумен байланысты», — делінген министрліктің түсіндірме жазбасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →