Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда қойма өртке оранды «Оны қалай ақтап алды?»: Жүкті әйелдің қолынан қаза тапқан азаматтың туыстары істі қайта қарауды талап етуде Балл абсолютті емес: неге 120 ұпай грант әпермей, 100 ұпай жеткілікті болады? Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты Ауыр атлет Ақжол Құрманбек Азия чемпионы атанды Оқ басы мен кеудесіне тиген: Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін атып өлтірді Алматыда қойма өртке оранды «Оны қалай ақтап алды?»: Жүкті әйелдің қолынан қаза тапқан азаматтың туыстары істі қайта қарауды талап етуде Балл абсолютті емес: неге 120 ұпай грант әпермей, 100 ұпай жеткілікті болады? Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты Ауыр атлет Ақжол Құрманбек Азия чемпионы атанды Оқ басы мен кеудесіне тиген: Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін атып өлтірді

    Жезқазғанда әлеуметтік мекеме директоры қарттардың зейнетақысын жымқырған

    Фото: Pixabay

    Мекеме басшысы бірнеше жыл бойы мүгедектігі бар жандардың зейнетақысы мен жәрдемақысын қалтасына басып келген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

    Жезқазғанда 44 миллион теңгені жымқырған әлеуметтік мекеменің директоры сотталды. Сотталушы мүгедектердің зейнетақысы мен жәрдемақысына қол сұққаннан бөлек, мекеме қызметкерлеріне жалған үстемақы тағайындап, ол қаражаттан да қалтасына басып отырған.

    Әлеуметтік мекемедегі жанжал сәуір айында басталған. Директор 29 адамның зейнетақысы мен мүгедектік жәрдемақысын жымқырған. Олардың кейбіреулері қозғала алмайды, басқалары әрекетке қабілетсіз. Мекеме тұрғындары бірнеше жыл бойы жәрдемақыларының бір бөлігі ұрланып жатқанынан күдіктенбеген де. Директор жалпы сомасы 32 миллион теңгені қолды қылған. Сондай-ақ ол төрт жыл бойы қол астындағы қызметкерлерге жалған сыйақы тағайындап, бөліген ақшаны өзі алып келген. Осылайша 12 миллионды жымқырған.

    Сотталушы болған жағдайға өкінетінін айтып, өз кінәсін мойындады. Тіпті ұрлаған ақшаның бәрін қайтарып берді. Нәтижесінде экс-басшының мекеме тұрғындарының әрқайсысынан 500 мыңнан 1 жарым миллион теңгеге дейін алғаны белгілі болды.

    “Әлеуметтік мекеме басшысы кінәсін толық мойындап, мемлекетке және қарттарға 44 милион теңге шығынды толығымен өтеген. Сот үкімімен ол кәнілі деп таналып оған өмір бойына мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдарда және ведомстволарда лауазымдарды атқару құқығынан айырып, 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды”, – дейді Қаржы маниторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →