Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Арамыз 18 жас»: Шахизаданың сүйіктісі туралы айтқан сұхбаты тарады «Бизнес-класс» деп сатылған үйдің сиқы осы ма?: Астанада BI Group тұрғындары құрылыс сапасына шағымданды Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ ата-аналар мен мұғалімдерге үндеу жасады Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты «Арамыз 18 жас»: Шахизаданың сүйіктісі туралы айтқан сұхбаты тарады «Бизнес-класс» деп сатылған үйдің сиқы осы ма?: Астанада BI Group тұрғындары құрылыс сапасына шағымданды Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ ата-аналар мен мұғалімдерге үндеу жасады Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты

    Қазақстандықтардың жеке деректері Қытай үкіметінің қолына түскен

    Фото: CFOTO/Future Publishing/Getty Images

    Цифрландыру министрлігі Қытай үкіметінің құжаттарының ұрлануы туралы ақпаратты талдауға уәде берді,  Белгілі болғандай таралып кеткен ақпараттардың ішінде қазақстандықтардың деректері табылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.

    Cybernews жазғандай, жарияланған құжаттарда қытайлық I-Soon компаниясы әзірлеген тыңшылық бағдарлама туралы айтылған. Зерттеушілер операцияларды Қытай үкіметі қаржыландырады деп күдіктенеді.

    «Белгісіз адамдар GitHub сайтында (IT жобаларын орналастыруға арналған веб-сервис) көптеген құжаттарды жариялады. Ол құжаттарда Қытайдың шпиондық бағдарламаны пайдаланып кибероперацияларды қалай жүргізетінін көрсетілген. Кейбір бағдарламаларда пайдаланушының Twitter электрондық поштасын және телефон нөмірін алуға, белгілі бір уақытта аккаунтын бақылап, олардың атынан твиттер жариялауға болатын мүмкіндіктер бар. Бұған қоса, шпиондық бағдарлама Android және iOS құрылғыларына шабуыл жасауға қабілетті», — дейді тайвандық зерттеуші Азака Секай.

    Бұл ретте бірнеше қазақстандық байланыс операторларының – Beeline мен Tele2-нің деректер базасы әшкере болды.

    Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпаратқа түсініктеме берді.

    «Интернетте жеке деректердің сыртқа шығуына қатысты ақпараттың таралуына байланысты бүгінгі күні министрлік Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп келіп түскен материалдарды талдап жатқанын хабарлаймыз. Нәтижесінде тиісті ұйымдарда дербес деректер мен оларды қорғау, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жоспардан тыс тексерулер жүргізілетін болады», — делінген ақпаратта.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →