Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ ата-аналар мен мұғалімдерге үндеу жасады Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты Леңгірде түнгі уақытта тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған екі адам қолға түсті (ВИДЕО) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздік жағдайымен танысты Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ ата-аналар мен мұғалімдерге үндеу жасады Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты Леңгірде түнгі уақытта тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған екі адам қолға түсті (ВИДЕО) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздік жағдайымен танысты

    Шығыс Қазақстанда қоғамдық көліктер аязда қатып қалған

    Фото:Inbusiness.kz

    Шығыс Қазақстанда соңғы бірнеше күн бойы аяз қысып, ел әбден әбігерге салынды. Кей аудандарда ауа температурасы -42 градусқа дейін төмендеген. Салдарынан Өскемен қаласындағы қоғамдық көліктер қатып, жолаушыларды тасымалдауға кеш шығып жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

    Осы аптада жауған қалың қардан енді ғана ес жиған шаһар жұртына еді аяз келіп «әлек салып» жатыр. Жұртшылық қоғамдық көліктерді ұзақ күткендерін желіге жазды. Мұны жолаушылар тасымалын басқару орталығының өкілдері де мойындады.

    «Күн суық болғандықтан, жанармай қатып жатыр. Сондықтан автобустар желіге аз шығады. Тасымалдаушылар көліктерді жылы бокстарға кіргізіп, қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Тұрғындарға ескертеміз, жолға шықпас бұрын «Oskemenbus» қосымшасына бір қарап алған жөн», – деді Жолаушылар тасымалын басқару орталығының техникалық мәселелер жөніндегі бас инженері Руслан Төлеубеков.

    Дәл осындай жағдай Алтай ауданында да орын алып отыр. Ол жақта да қоғамдық көліктер желіге шықпаған.

    Айта кетейік, қатты аязға байланысты қаладағы мектеп оқушылары онлайн оқып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →