Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ел тұрғындары наурызда қанша күн демалады?

    Фото: Pixabay

    Көктемнің алғашқы айында қазақстандықтар қосымша төрт күн демалады, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Бұл айда екі мемлекеттік мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы тойланады.

    Халықаралық әйелдер күні аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үш күн, 8, 9, 10 наурызда демалады.

    Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 9 наурыз – жұмыс күні.

    Биыл Наурыз мейрамында қазақстандықтар бес күн демалады – 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз. Мереке наурыздың 21-і мен 23-і аралығында тойланады. 23 наурыз сенбіге сәйкес келгендіктен, дүйсенбі, яғни 25 наурыз демалыс күні тізіміне қосылады.

    Алты күн жұмыс істейтіндер үшін дүйсенбі, 25 наурыз – жұмыс күні.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →