Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесіп, көңіл айтты Дани Ольмодан Мбаппеге дейін: ӘЧ-2026 жартылай финалистерінің Қазақстанда ойнағандары кімдер? Ильхам Әлиев Президент Тоқаевқа Қарабақты қалпына келтіруге көмектескені үшін алғыс білдірді Қытай соттары ойын аккаунттарын мұраға қалдыруға рұқсат берді 14 шілдедегі ауа райы болжамы: солтүстікте дауыл мен найзағай, оңтүстікте күшті ыстық Шымкенттегі Нұрай Серікбай ісі: адвокат сот отырысын тікелей эфирде көрсетуді талап етті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесіп, көңіл айтты Дани Ольмодан Мбаппеге дейін: ӘЧ-2026 жартылай финалистерінің Қазақстанда ойнағандары кімдер? Ильхам Әлиев Президент Тоқаевқа Қарабақты қалпына келтіруге көмектескені үшін алғыс білдірді Қытай соттары ойын аккаунттарын мұраға қалдыруға рұқсат берді 14 шілдедегі ауа райы болжамы: солтүстікте дауыл мен найзағай, оңтүстікте күшті ыстық Шымкенттегі Нұрай Серікбай ісі: адвокат сот отырысын тікелей эфирде көрсетуді талап етті

Ақтөбе облысында бір үйір жылқы қарға батып өлді

Фото: Мұғалжар аудандық әкімдігі

Мұғалжар ауданында бір үйір жылқы қарға батып өлген, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Ақтөбе облысында аптаға созылған боран адамдарға ғана емес, төрт түлікке де ауыр тиді. Өлген жылқыларды Ащысай ауылдық округінің аумағынан мал іздеп шыққан тұрғындар кездейсоқ тапқан. Денелері толық қар астында қалған, тек кейбірінің басы ғана қардан шығып жатыр. Бұл малдардың жақын маңдағы Ақсу, Құмсай елді мекендеріне тиесілі еместігі анықталды. Тұрғындар мен аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, алыс елді мекендердің бірінен ығып келуі мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv.

«Қараған арасында жеті жылқы малының өлімтігі табылды.Қазіргі таңда осы жеті малдың иелерін анықтау мақсатында ауылдық округ әкімдері мен мал дәрігерлері бірігіп, таңбалары арқылы иесін анықтау жұмысы жүргізілуде», — деді Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бауыржан Жолмағамбет.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →