Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Республика күніне орай ел кітапханаларында 900-ге жуық іс-шара өтті • Қазақстандық актриса Шұғыла Ешен Golden Globes сыйлығының иегері атанды • «Той-томалақтан басқа не еңбек сіңірдің?»: Айкерім Қалаубаева мақтанамын деп, елден сөз естіді (ВИДЕО) • Ақтөбеде TikTok-та балағат сөздер айтқан ер адам 5 тәулікке қамалды • Балқаш мыс балқыту зауытында 16 мың шаршы метрден астам шатыр жаңартылды • Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобусқа соғылып, қаза тапты • Республика күніне орай ел кітапханаларында 900-ге жуық іс-шара өтті • Қазақстандық актриса Шұғыла Ешен Golden Globes сыйлығының иегері атанды • «Той-томалақтан басқа не еңбек сіңірдің?»: Айкерім Қалаубаева мақтанамын деп, елден сөз естіді (ВИДЕО) • Ақтөбеде TikTok-та балағат сөздер айтқан ер адам 5 тәулікке қамалды • Балқаш мыс балқыту зауытында 16 мың шаршы метрден астам шатыр жаңартылды • Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобусқа соғылып, қаза тапты •

    Екінші деңгейдегі банк жеңілдікпен қаржыландыратын пулға 275 млрд теңгеге 89 аграрлық жоба енгізілді

    Фото: primeminister.kz

    Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте Halyk Bank, Қазақстанның Даму банкі, Аграрлық несие корпорациясы, Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері жеңілдікпен қаржыландыру үшін жобаларды іріктеудің аралық нәтижелерін талқылады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    2024 жылғы 10 ақпандағы жағдай бойынша Halyk Bank 275 млрд теңге болатын 89 жобаны іріктеп алды. Бірінші кезеңде компания иелерінің іскерлік беделі, олардың жобаларды іске асырудағы тәжірибесі, салалық ерекшеліктер, өңірлердің нақты өнім түрлерімен қамтылуы сараланды. Аграрлық несие корпорациясы және Қазақстанның Даму банкі желісі бойынша жеңілдікпен қаржыландырылатын жобалар пулы екінші деңгейдегі банк портфеліне енген жобаларды ескере отырып қалыптастырылатын болады. Қаржыландыру тетіктері пысықталып жатыр. Әлеуетті жобалар қатарында 88 млрд теңгеге 49 жоба бар.

    Еске сала кетсейік, өткен жылдың соңында Ауыл шаруашылығы министрлігі Halyk Bank және Бәйтерек холдингінің АӨК қаржы институттарымен ынтымақтастық аясында қаржыландырылуы мүмкін 500 жобадан тұратын портфель қалыптастырды. Бұл жобалар негізінен АӨК-ті дамытудың басым бағыттары – тауарлы сүт фермалары, көкөніс қоймаларын салуға, мал шаруашылығын дамытуға, дәнді дақылдарды, ет, жемістер мен көкөністерді қайта өңдеуге бағытталған.

    Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалануды ескере отырып, қарыз алушы АӨК субъектісі үшін түпкілікті мөлшерлеме жылына 6%-дан аспайтын болады. Негізгі шарттардың бірі – ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың талаптарына сәйкес келетін жобаларды үздіксіз қаржыландыру.

    Сонымен қатар Серік Жұманғарин қаржы институттарына айналым капиталын қаржыландыруды қарастыруды ұсынды. Бұл көктемгі егіс жұмыстары және арзандатылған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің өндірісі үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау құралы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →