Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады •

    Жамбыл облысында аурухана басшылығы 758 млн теңге жымқырған

    Коллаж: Azattyq Ruhy

    Жамбыл облысында аурухана басшылары 760 миллионға жуық қаражатты ұрлаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қалалық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

    Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов арнайы брифинг барысында мәлімдеді.

    «Залал сомасы 758 млн теңгеден асады. Соттың санкциясымен күдіктілер, аурухана бас дәрігерінің орынбасары және бұрынғы бас есепші қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», — деп атап өтті Антикор өкілі.

    Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →