Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бірнеше айда қиын кезеңді бастан өткерген»: Алматыда пәтерден 33 жастағы жігіттің денесі табылды (ВИДЕО) • АҚШ-тың Нью-Йорк штатында қызылшаға байланысты төтенше жағдай жарияланды • Тоқаев Оман Сұлтанын елорда әуежайынан шығарып салды (ВИДЕО) • Месси қоштасу матчында Аргентина Бенинді 3:0 есебімен жеңді • Ұлттық банк 7 қазанға арналған валюта бағамын жариялады • 7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, көктайғақ пен өрт қаупі сақталады • «Бірнеше айда қиын кезеңді бастан өткерген»: Алматыда пәтерден 33 жастағы жігіттің денесі табылды (ВИДЕО) • АҚШ-тың Нью-Йорк штатында қызылшаға байланысты төтенше жағдай жарияланды • Тоқаев Оман Сұлтанын елорда әуежайынан шығарып салды (ВИДЕО) • Месси қоштасу матчында Аргентина Бенинді 3:0 есебімен жеңді • Ұлттық банк 7 қазанға арналған валюта бағамын жариялады • 7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, көктайғақ пен өрт қаупі сақталады •

    Қостанайдағы апат: «AMANAT» партиясының өңірлердегі филиалдарында гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылады

    Қостанай облысында орман өртімен күрес жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт аумағы 10 мың гектарға жуықтағанын бұған дейін хабарлаған еді. Елдімекендерден мыңдаған адам қауіпсіз жерге шығарылған. Оларға жан-жақты көмек көрсетілуде.Оқиға орнына «Жастар рухының» еріктілері аттанады

    Қостанайдағы апат: «AMANAT» партиясының өңірлердегі филиалдарында гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылады

    Қостанай облысында шарпыған орман өртімен күрес жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт аумағы 10 мың гектарға жуықтағанын бұған дейін хабарлаған еді. Елдімекендерден мыңдаған адам қауіпсіз жерге шығарылған. Оларға жан-жақты көмек көрсетілуде.

    Ал, «AMANAT» партиясының төрағасы, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов өңірге еріктілерді жіберіп, ертеңнен бастап халыққа көмектесуге кірісетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, әр облыстағы партия филиалдарында гуманитарлық көмек жинау орталықтары жұмысын бастайды.

    «Ертең партия мүшелері мен «Жастар Рухы» қатарынан волонтерлер жасақталып, апаттан зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсететін болады.

    Бұдан бөлек таңертеңнен бастап «AMANAT» партиясының өңірлердегі филиалдарында гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылады.

    Жағдайдың тезірек тұрақталуын тілейміз. Біз қостанайлықтармен біргеміз және бұл сынақтан бірге өтеміз», — деп жазды Е.Қошанов өзінің Facebook-парақшасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →