Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, көктайғақ пен өрт қаупі сақталады • Алкоголь бағасы Астанада 21,8%-ға өсті, тұтыну шығыны азайды • Шымкентте ұрлау мен кісі өлтіру ісі бойынша 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды • СІМ Ресейдегі соғыс аймағында қалған қазақстандықтарды қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатыр • Талдықорғанда әкесі бес жасар қызын қауіпті түрде тасымалдағаны үшін жазаланды • Ерлан Қарин Джеки Чанмен киножобаларды талқылады • 7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, көктайғақ пен өрт қаупі сақталады • Алкоголь бағасы Астанада 21,8%-ға өсті, тұтыну шығыны азайды • Шымкентте ұрлау мен кісі өлтіру ісі бойынша 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды • СІМ Ресейдегі соғыс аймағында қалған қазақстандықтарды қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатыр • Талдықорғанда әкесі бес жасар қызын қауіпті түрде тасымалдағаны үшін жазаланды • Ерлан Қарин Джеки Чанмен киножобаларды талқылады •

    КТК-ның екі құрылғысы мұнай айдауды тағы да тоқтатқан

    Қазақстан мұнайын экспортқа айдайтын Новоросийскідегі Каспий құбыр желісі консорциуымының екі құрылғысы жұмысын тағы да тоқтатқан. Бұл жөнінде Reuters хабарлады.

    «КТК екінші құрылғыны техникалық тексеріске байланысты 17 тамыздан бастап тоқтатты, бірінші құрылғы да осындай себеппен тамыздың басынан бастап тоқтатылған», — дейді Reuters. Үшінші құрылғы мұнай айдап тұр.

    Кейінгі айларда КТК құрылғылары бірнеше рет тоқтаған.

    Наурыз айының соңында консорциум теңіздегі дауылдан кейін құбыр құрылғыларына елеулі нұқсан келгенін мәлімдеген. Германияның Handelsblatt газеті кейін зерттеу нәтижесін жариялаған. Онда авторлар «негізгі себеп дауыл емес, Ресей Қазақстан мұнайын Еуропа нарығына шығармауға тырысқан» деген тұжырымға келген.

    Маусымның 15-і мен 25-і аралығында КТК Қазақстан мұнайын тек бір құрылғымен ғана айдаған. Онысын «су астындағы қауіпті заттарды жоюға дайындық жұмыстарымен» байланыстырған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →