Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Балаеваны қабылдады Мүгедектерге арналған дәретхана қоймаға айналған: Балқаш–Бурылбайтал жолындағы жағдай жұртты ашуландырды Президент Үкіметтің алдағы міндеттерін айқындады Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады «Байлықтың бәрі жанымда»: Нұрлан Абдулиннің қызы көптің жүрегін елжіретті (ВИДЕО) Асу Алмабаев Ыстанбұлдағы турнирде чемпиондық титулды жеңіп алды Тоқаев Балаеваны қабылдады Мүгедектерге арналған дәретхана қоймаға айналған: Балқаш–Бурылбайтал жолындағы жағдай жұртты ашуландырды Президент Үкіметтің алдағы міндеттерін айқындады Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады «Байлықтың бәрі жанымда»: Нұрлан Абдулиннің қызы көптің жүрегін елжіретті (ВИДЕО) Асу Алмабаев Ыстанбұлдағы турнирде чемпиондық титулды жеңіп алды

    OLIMP KZ букмекерлік кеңсесінің ісі бойынша тағы бір күдікті Сербияда ұсталды

    Бас прокуратураның хабарлауынша, 18 қарашада «OLIMP KZ» букмекерлік кеңсеcінің қызметімен байланысты қылмыстық топтың құрамында болған күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланған. Бүгін Бас прокуратура, қаржылық мониторинг агенттігі және ІІМ-нің интерпол қызметкерлері сыртқы істер министрлігінің көмегімен оның сыбайласын Сербия Республикасынан экстрадициялаған.

    «Олар 2014-2019 жылдары қылмыстық топтың құрамында заңсыз құмар ойындарын өткізуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінген. Аталған заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 86 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген. Осыған байланысты күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, кейін олар халықаралық іздеуге жарияланған. Қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – деп хабарлады бас прокуратура.

    Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Айта кетейік, фигурантты экстрадициялау Қазақстан мен Сербия арасындағы «ұстап беру туралы» шарттың болуына байланысты мүмкін болды.

    «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстаннан тыс жерлерге қашып кеткен заң бұзушыларды экстрадициялау бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр.

    Еске салайық,18 қарашада «OLIMP KZ» букмекерлік кеңсеcінің қызметімен байланысты қылмыстық топтың құрамында болған күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланған еді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →