Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 6 қазан 2026 $ 448,5↓€ 501,6↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Оман Сұлтанын қарсы алды • «Уәде еткен паркинг жоқ, енді жерін де алып қоймақ»: Астанада тұрғындар құрылысқа қарсы шықты • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытындағы 250-ден астам электролиз ваннасын жаңартады • «Петропавлда адам түгілі, көлік әрең өтеді»: тұрғындар күн сайын батпақ кешуге мәжбүр • «Үш рет от шыққан»: Алматыдағы тұрғын үйдің қасбетіндегі жарық тағы тұтанды • Алматының Медеу ауданында абаттандыру тәсілін өзгертіп жатыр • Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Оман Сұлтанын қарсы алды • «Уәде еткен паркинг жоқ, енді жерін де алып қоймақ»: Астанада тұрғындар құрылысқа қарсы шықты • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытындағы 250-ден астам электролиз ваннасын жаңартады • «Петропавлда адам түгілі, көлік әрең өтеді»: тұрғындар күн сайын батпақ кешуге мәжбүр • «Үш рет от шыққан»: Алматыдағы тұрғын үйдің қасбетіндегі жарық тағы тұтанды • Алматының Медеу ауданында абаттандыру тәсілін өзгертіп жатыр •

    «Вагнер» құрамында соғысқан қазақстандық 6 жылға сотталды

    Украинаға қарсы соғысқа қатысқан 34 жастағы қазақстандық Алексей Шомполов алты жыл сегіз айға сотталды. Бұл туралы Қарағанды облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

    Шомполов Ресей жағында «Вагнер» жасағының құрамында болған. Шомполовқа «жалданды» және «бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасады» деген айып тағылды, одан 205 590 рубль көлемінде ақша тәркілеуге шешім қабылданды. Соттың мәліметінше, ол ақшаны қылмыстық жолмен тапқан.

    Сотта Шомполов кінәсін мойындап, соғысқа ақша керек болған соң барғанын мәлімдеді. «Вагнер» жасағының құрамына ол әлеуметтік желідегі жарнама арқылы келген. Оған 240 000 рубль айлық төлеуге уәде берілген.

    Шомполов аппеляциялық шағымында «Вагнермен» келісімшарт жасау кезінде заңды бұзып жатқанын білмегенін, оған «Украинада соғыс емес, бейбіт тұрғындарды босату үшін арнайы операция жүргізіліліп жатқаны» айтылғанын атаған.

    Қазақстан билігі Украинаға қарсы соғысты тікелей айыптамаса да, республика азаматтарының шетелдік соғыстарға қатысуын заңсыз деп таниды.

    «Жалдамалылық»  туралы бап бойынша мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы, ал ауырлататын жағдайларда – азаматтығынан айыра отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін үкім шығарылуы мүмкін.

    фото: ашық дереккөзден

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →