Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 6 қазан 2026 $ 448,5↓€ 501,6↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Оман Сұлтанын қарсы алды • «Уәде еткен паркинг жоқ, енді жерін де алып қоймақ»: Астанада тұрғындар құрылысқа қарсы шықты • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытындағы 250-ден астам электролиз ваннасын жаңартады • «Петропавлда адам түгілі, көлік әрең өтеді»: тұрғындар күн сайын батпақ кешуге мәжбүр • «Үш рет от шыққан»: Алматыдағы тұрғын үйдің қасбетіндегі жарық тағы тұтанды • Алматының Медеу ауданында абаттандыру тәсілін өзгертіп жатыр • Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Оман Сұлтанын қарсы алды • «Уәде еткен паркинг жоқ, енді жерін де алып қоймақ»: Астанада тұрғындар құрылысқа қарсы шықты • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытындағы 250-ден астам электролиз ваннасын жаңартады • «Петропавлда адам түгілі, көлік әрең өтеді»: тұрғындар күн сайын батпақ кешуге мәжбүр • «Үш рет от шыққан»: Алматыдағы тұрғын үйдің қасбетіндегі жарық тағы тұтанды • Алматының Медеу ауданында абаттандыру тәсілін өзгертіп жатыр •

    Біріккен Араб Әмірліктері іздеуде жүрген үш адамды Қазақстанға ұстап берді

    Біріккен Араб Әмірліктері іздеуде жүрген үш адамды Қазақстанға ұстап берді
    Біріккен Араб Әмірліктері іздеуде жүрген үш адамды Қазақстанға ұстап берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Асхат Жұмағали бастаған Бас прокуратура делегациясы Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Қылмыстың алдын алу мен қылмыстық сот төрелігі жөніндегі БҰҰ-ның 15-ші Конгресінің жұмысына қатысты.

    Сапар барысында БАӘ Әділет министрі және Бас прокурорымен кездесулер өткізіліп, қылмысқа қарсы күрес пен іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялау саласындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.

    Қол жеткізілген аталған уағдаластықты іске асыру шеңберінде Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық Орталық Бюросымен бірлесіп, Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің қолдауымен қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін аталған елден Қазақстанның үш азаматын экстрадициялады.

    Олардың біреуі 2019–2020 жылдары сыбайласымен бірге Астанада халықаралық орталық салуға арналған жер учаскесін алуға жәрдемдесуге уәде беріп, алдау жолымен жәбірленушінің жалпы сомасы 368 мың АҚШ доллары қаражатын иемденген.

    Тағы бір фигурант денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, тонау менбұзақылық жасағаны үшін іздеуде болған. Ол 2021 жылы Алматы қаласында адамдар тобы болып жәбірленушіге шабуыл жасап, оның денсаулығына ауыр зиян келтірген және жалпы сомасы 100 мың теңгеден асатын жеке мүлкін ашық түрде иемденген.

    Үшінші күдікті осы жылғы жазда Астана қаласында Қытай азаматының 24 200 АҚШ долларын ұрлады деген күдікке ілінген, бұл аса ірі мөлшерге жатады. Аталған тұлғалар қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

    Кейіннен олардың Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында жүргені анықталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша елге экстрадицияланды.

    Қазіргі уақытта барлық күдіктілер тергеу изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру қайта басталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →