Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Аудан әкімдігі жүргізушісі қызметтік көлікпен бастығының қызын тасып жүр: әкімдік түсінік берді

    Желіде Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің жүргізушісі күн сайын қызметтік көлікпен аудан әкімдігі аппараты басшысының қызын таситыны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qazaq.today 

    Жетісу облысы әкімдігінің мәліметінше, кеше аудан әкімдігі жүргізушісі аппарат басшысының қызын көріп қалып, мектепке апарып тастаған.

    «Аудан әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мөлдір Ғабитқызы мемлекеттік нөмірі 268 AG 19, «Hyundai TUCSON» маркалы қызметтік автокөлігін тек қызметтік мақсатта және жұмыс уақытында пайдаланып жүр. 23 қарашада таңғы сағат: 07.40-та аппарат басшысы Мөлдір Ғабитті сол қызметтік көлікпен жеке жүргізушісі С. Кетпенбаев жұмыс орнына жеткізіп тастап, автокөлікті жуып келетінін ескертіп көлік жуу орнына сұранып кеткен. Көлік жуу орнынан қайтып келе жатқанда, аппарат басшысы Мөлдір Ғабиттің мектеп оқитын қызын көріп қалып, ешкімнің рұқсатынсыз мектепке дейін жеткізіп тастап, жұмыс орнына келген», — делінген Кербұлақ ауданы әкімдігінің берген түсініктемесінде.

    Ведомство өкілдері көлік жүргізушісі бұл туралы аппарат басшысына ескертпегенін айтты.

    фото: видеодан кадр

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →