Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда суық қаруланып алған күдікті ұсталды • «Ең ауқымды бағдарламалық құжат»: Бектенов Президент Жолдауына қатысты мәлімдеме жасады • «Жетіммін, ата-анамды қатты сағындым»: «Бетперделі жігіт» мұқтаж жанның арманын орындады • «Кейбірі өсекке айналдырып жатыр»: Бағлан Әбдірайымов досы Мырзаханның үйленуі туралы • «Қазгидромет» 29 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Павлодар облысында сыртқы әжетхана опырылып, ішіндегі әйел құтқарылды • Алматыда суық қаруланып алған күдікті ұсталды • «Ең ауқымды бағдарламалық құжат»: Бектенов Президент Жолдауына қатысты мәлімдеме жасады • «Жетіммін, ата-анамды қатты сағындым»: «Бетперделі жігіт» мұқтаж жанның арманын орындады • «Кейбірі өсекке айналдырып жатыр»: Бағлан Әбдірайымов досы Мырзаханның үйленуі туралы • «Қазгидромет» 29 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Павлодар облысында сыртқы әжетхана опырылып, ішіндегі әйел құтқарылды •

    Жетісу облысында әкім оқушыны қағып өлтірді

    Жетісу облысында ауыл әкімі ұл баланы қағып өлтірді. Қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенованың сөзінше, Кербұлақ ауданына қарасты Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова рулде болған. Оқиға орнына келген ПД қызметкерлері 12 жастағы оқушыны көлікпен қағып кеткен әйелге қатысты хаттама толтырған, көлік айыппұл тұрағына қойылды  деп хабарлайды Qazaq.today.

    «Оның өліміне әкім Бақтиярова Әлия Маратқызы кінәлі. Ол Ескелді ауданы Биғаш ауылының маңында 2-қараша күні кешке баланы көлікпен қағып кеткен. Салдарынан 9 сыныпта оқитын Асыл Тұрсынбай апат орнында қайтыс болды. Көліктің рулінде Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова болған», — деді белгілі журналист, қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенова.

    Ал апат орнына келген полиция департаментінің қызметкерлері оқушының 12 жаста екенін анықтаған. Көлік айыппұл тұрағына қойылған. Ұл баланы қағып өлтірген әйел уақытша ұстау изоляторына қамалмаған.  Мезгілсіз қайтыс болған оқушы демалыс күні жер қойнына тапсырылды.

    «12 жастағы жасөспірім Hyundai Greta көлігінің дөңгелегіне түсіп қайтыс болды. Машинаны 39 жастағы әйел басқарғаны анықталды. Аталған оқиға бойынша сараптама тағайындалып, ҚР ҚК 345 бабы бойынша соталды тергеу басталды. Шетел көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Кәмелеттік жасқа толмаған балаға қатысты орын алған жол апаты облыстық полиция басқармасынның өндірісіне алынды», — деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі. 

    Еске салайық, Әлия Бақиярова 2014 жылдан бастап лауазымды қызметке тағайындалған. Ол Көксу ауылдық округін 2018 жылдан бері басқарып келеді.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →