Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда суық қаруланып алған күдікті ұсталды • «Ең ауқымды бағдарламалық құжат»: Бектенов Президент Жолдауына қатысты мәлімдеме жасады • «Жетіммін, ата-анамды қатты сағындым»: «Бетперделі жігіт» мұқтаж жанның арманын орындады • «Кейбірі өсекке айналдырып жатыр»: Бағлан Әбдірайымов досы Мырзаханның үйленуі туралы • «Қазгидромет» 29 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Павлодар облысында сыртқы әжетхана опырылып, ішіндегі әйел құтқарылды • Алматыда суық қаруланып алған күдікті ұсталды • «Ең ауқымды бағдарламалық құжат»: Бектенов Президент Жолдауына қатысты мәлімдеме жасады • «Жетіммін, ата-анамды қатты сағындым»: «Бетперделі жігіт» мұқтаж жанның арманын орындады • «Кейбірі өсекке айналдырып жатыр»: Бағлан Әбдірайымов досы Мырзаханның үйленуі туралы • «Қазгидромет» 29 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Павлодар облысында сыртқы әжетхана опырылып, ішіндегі әйел құтқарылды •

    Мемлекетті тонаған Қайрат Боранбаев мерзімінен бұрын түрмеден шықты

    Мемлекетке келтірілген шығындарды өтеген кәсіпкер Қайрат Боранбаев түрмеден шықты. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ақпаратынша, ол 6 қарашада түрмеден шыққан, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.   

    «Биыл 6 қарашада Қайрат Боранбаев түрмеден босатылды. Қылмыстық-атқару кодексінің 65-бабына сәйкес, бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазамен ауыстырылған сотталған адам қамаудан босатылады және бюджет қаражаты есебінен жазасын өтеу орнына өз бетінше барады», — делінген ҚАЖК хабарламасында.

    Айта кетсек, Қылмыстық-атқару кодексінің 5-тармағы 165-бабына сәйкес жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босату тиісті құжаттар келіп түскен күні, ал егер құжаттар жұмыс күні аяқталғаннан кейін келіп түскен болса, келесі күні таңертең жүзеге асырылады.

    Бас бостандығынан айырылған адамдар Қылмыстық-атқару кодексінің 13-тарауына сәйкес, пробациялық бақылау жағдайында жазасын тұрғылықты жері бойынша өтейді. Еске салсақ, Қайрат Боранбаев,Роман Наханов және Тайыр Жанұзақ «газды импорттауға жұмсалған қаражатты жымқырды» деген айыппен кінәлі деп танылып, Боранбаев 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңге, кейін жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақүй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берді. Кейін мемлекетке тағы 30 млрд теңге қайтарылды. Қазан айында мемлекет кірісіне оның иелігіндегі жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені, сондай-ақ сауықтыру және фитнес желісі өтті. 19 қазанда Боранбаев өзінің кен орнын, компаниясын және зауытын мемлекет меншігіне берді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →