Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазгидромет» 29 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Павлодар облысында сыртқы әжетхана опырылып, ішіндегі әйел құтқарылды • Тоқаев пен Ердоған Қазақстан-Түркия қатынастарының болашағын талқылады • Түркістандағы жекеменшік мектеп аумағында трансформатор өртенді • Испаниядағы пойыз апаты: Қазақстан СІМ азаматтар туралы мәлімдеді • Қазақстандық футзалшылар Чемпиондар лигасының негізгі раундын жеңіспен бастады • «Қазгидромет» 29 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Павлодар облысында сыртқы әжетхана опырылып, ішіндегі әйел құтқарылды • Тоқаев пен Ердоған Қазақстан-Түркия қатынастарының болашағын талқылады • Түркістандағы жекеменшік мектеп аумағында трансформатор өртенді • Испаниядағы пойыз апаты: Қазақстан СІМ азаматтар туралы мәлімдеді • Қазақстандық футзалшылар Чемпиондар лигасының негізгі раундын жеңіспен бастады •

    Алматыдағы мектеп күзеті түгел тексеріледі – Білім басқармасы  

    Алматыда №160-шы мектептегі сұмдық жағдайдан соң қаладағы барлық оқу орындарының күзет қызметі тексерілетін болды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Полиция орта білім беретін оқу орындарының күзетшілерін, олар туралы ақпаратты толықтай тексеріп шықпақ. Алматы қаласында 350-ге  жуық мектеп бар. Олардың 215-і мемлекеттің қармағына қарайтын мектептер.

    «160 мектептегі жағдайға байланысты Алматы қаласының полиция департаменті барлық мемлекеттік мектептерге тексеріске шықты. Күзет қызметі бойынша келісім шарт, күзетшілер тізімі, олар туралы ақпаратты дайындап қою қажет! Сонымен қатар, күзет қызметі жұмысындағы кемшіліктер де дайындасын! Осының барлығын полиция қызметкеріне табыстау қажет және аудандық білім бөлімі Білім басқармасына жіберсін», -делінген хабарламада.

    Еске салайық Қарасу ықшам ауданындағы №160-шы мектептің күзетшісі 12 жастағы қызды зорламақ болған. Оқушылардың қауіпсіздігіне жауапты күзет қызметіндегі сұмдық жағдайдан соң мектеп директоры жұмыстан қуылды. Мас күйінде оқушыға шабуыл жасаған күзетші қамауға алынды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →