Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 18 шілде 2026 $ 471,2 539,0 6,03
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада 24 жастағы жігіт бассейнге батып, жансақтау бөліміне түсті «Дронмен түсірілген өтірік декорация мен жаяу адам көретін сұмдық»: Қарағанды әкімдігі орталық көшелердің сиқын қашанғы жасырмақ? Теміртаудағы ойын алаңында 6 жасар бала саусағынан айырыла жаздады «Өзімді қатты кінәладым»: Әсел Садуақасова қайғылы жағдайымен бөлісті «Түркияға жолдама»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін сыйлады Шығыс Қазақстанда ер адам көшеде көз жұмды Астанада 24 жастағы жігіт бассейнге батып, жансақтау бөліміне түсті «Дронмен түсірілген өтірік декорация мен жаяу адам көретін сұмдық»: Қарағанды әкімдігі орталық көшелердің сиқын қашанғы жасырмақ? Теміртаудағы ойын алаңында 6 жасар бала саусағынан айырыла жаздады «Өзімді қатты кінәладым»: Әсел Садуақасова қайғылы жағдайымен бөлісті «Түркияға жолдама»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін сыйлады Шығыс Қазақстанда ер адам көшеде көз жұмды

    «Көршісі дезинфекция жасатқан» — Ақтауда 2 сәби көз жұмды

    Ақтауда 1 және 2 жасар балалар дезинфекциядан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

    Mangystaumedia.kz порталының жазуынша, тағы 2 бала жансақтау бөлімінде жатыр.

    Қайтыс болған балалардың туысының айтуынша, төменгі қабаттағы көршісі жәндіктерден құтылу үшін пәтерін дезинфекциялаған. Бірақ бұл туралы ол ешкімге ескертпеген және өзі үйіне қонбаған.

     

    «Сол түні кішкентай балалар құса бастаған. Жедел жәрдем шақырғанмен, балаларды құтқара алмады. Қалған 5 адам ауруханаға жеткізілді. Қазір екі бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Біреуінің жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер ешқандай болжам жасап жатқан жоқ», — деді туысы.

     

    Дезинфекция жасалған пәтердің иесін полиция жауап алу үшін алып кетіпті.

     

    «Біз үйді жуып, тазаладық, бірақ бәрібір жағымсыз иіс әлі де бар. Осындай қайғылы оқиға бұрын Маңғыстау ауылындағы 2 шағын ауданда болған. Неліктен көршілерге алдын ала ескертпеген? Өйткені, мұның қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін екенін бәрі біледі», — деді балалардың анасының сіңлісі.

     

    Облыстық полиция ҚР ҚК 304-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →