Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 12 қыркүйек 2026 $ 455,6 530,2 5,36
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырау облысында медпункт күзетшісі электр генераторының қасында қаза тапты Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Тоқаев: Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды Атырау облысында медпункт күзетшісі электр генераторының қасында қаза тапты Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Тоқаев: Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды

    Елімізде карантиндік шектеулер қайта орала ма?

    Қазақстанда карантинді күшейту мәселесін шенеуніктер ВАК отырысында талқылайды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

    Ол елде әзірге төтенше жағдай жоқ екенін айтты.

    «Вакцинация — басты мәселе. Әзірге төтенше жағдай жоқ, бірақ науқастар саны өскен жағдайда маска тағу режимі қайтарылуы мүмкін. Қазір тәулігіне 100 адамға дейін өсу бар. Карантин шараларын күшейту мәселелерін ВАК отырысына шығарамыз. Маска бойынша ғана емес, жалпы шаралар бойынша», — деді Тоғжанов.

    Денсаулық сақтау министрлігіне екпе жұмыстарын күшейту тапсырылды.

    Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 29 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясының 137 жаңа жағдайы тіркелді. Аурудың басым бөлігі Алматыда – 77 және Нұр-Сұлтанда – 26. Бұл 2022 жылдың наурызынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →