Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті •

    Шенеуніктің туыстары атысты: бір адам қаза тапты

    «Азаматтық келісім» фракциясының Парламент депутаты Матевос Асатрянның туыстары мен Арагацотн облысының вице-губернаторы Эдгар Парванянның немере ағасы жастармен жанжалдасып, кейін оларға оқ жаудырған, — деп хабарлайды Shamshyan.com.

    Басылым мәліметінше, бұған жастардың елдің премьер-министрі Никол Пашинянды балағаттауы себеп болған. Алайда Армения құқық қорғаушылары қақтығыстың саяси астарын жоққа шығарған.

    Апаран қаласының маңындағы ауылда орналасқан ауруханаға жеті адам жеткізілген, олардың біреуі есін жимай, қайтыс болған. Жаралылар Ереванға жеткізілген.

    «Кісі өлтіру» және «Қаруды заңсыз сақтау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция мен тергеу басқармасы қаза тапқандар мен жараланғандардың жеке басын анықтап жатыр.

    Gazeta мәліметінше, Арменияның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы директоры Артур Ванецян әлеуметтік желілерде жараланғандардың бірі ҰҚК Шекара әскерінің қызметкері екенін жазған. Сонымен қатар, ол екі зардап шеккен адамның жағдайы өте ауыр екенін айтқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →