Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Жолдағы жауапсыздық: Астанада жол жиегінде тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Жолдағы жауапсыздық: Астанада жол жиегінде тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды •

    «Қойшы иесінің малын 16 млн теңгеге сатып жіберген»: Түркістандық шаруа жанайқайын жеткізді

    Түркістан облысында қойшы бастығының 16 млн теңгеге малын сатып жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Ордабасы аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ер адамның сөзінше, оның малшыларының бірі асыл тұқымды 200-ден астам қойларын талан-таражға салған.

    Осылайша, жергілікті тұрғынға 16 млн теңгеден асатын шығын келген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 189-бабы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу») бойынша тіркеуге алған. Белгілі болғандай, күдікке ілінген қойшы Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.

    Ол 2021 жылдан бастап бағып жүрген малдарды шетінен сата берген. Қойшы несиелері мен қарыздарын өтеу үшін бұндай қылмысқа барғанын мойындап отыр. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →