Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дархан Мұсаев заңды некеге отырғанын мәлімдеді • Испанияда жылдам жүретін екі пойыз соқтығысып, кемінде 46 адам қаза тапты • Абай облысынан 4 мың жылдық арба бейнеленген тас табылды • Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаева туған күніне күйеуінен алған сыйлықты көрсетіп, мақтанды • Экономист Президент жолдауы жайлы: Инвестицияны бір орталықтан басқару тиімділікті арттырады • «Шынын айтқанда, бұл – жемқорлық»: Тоқаев кәсіпкерлер қандай кедергілерге тап болып отырғанын айтты • Дархан Мұсаев заңды некеге отырғанын мәлімдеді • Испанияда жылдам жүретін екі пойыз соқтығысып, кемінде 46 адам қаза тапты • Абай облысынан 4 мың жылдық арба бейнеленген тас табылды • Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаева туған күніне күйеуінен алған сыйлықты көрсетіп, мақтанды • Экономист Президент жолдауы жайлы: Инвестицияны бір орталықтан басқару тиімділікті арттырады • «Шынын айтқанда, бұл – жемқорлық»: Тоқаев кәсіпкерлер қандай кедергілерге тап болып отырғанын айтты •

    Ресейдің кезекші шабуылынан Украинада 50-ге жуық бейбіт тұрғын қаза тапты

    Ресей әскерлерінің кезекті шабуылынан Украинаның тағыда бейбіт тұрығындары қаза тапты. Харьков облысының Купянск ауданындағы Гроза ауылы  шабуылдың астында қалған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Шабуылдан кемінде 49 адам қаза тапты, оның ішінде бір бала бар.

    Украина бас прокуратурасының ақпаратынша, тағы 7 адам ауыр жараланған.

    Ведомствоның мәліметінше, зымыран соққысы 5 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 13:25-те жасалған.

    Харьков облыстық әскери басқармасының бастығы Олег Синегубов шабуыл жасалған кезде жергілікті дәмханада көптеген бейбіт тұрғындар болғанын атап өтті.

    «Азаматтық нысанға – ауылдық кафе-дүкенге зымыраннан оқ атылды. Шабуыл болған кезде дәмханада тұрғындардың бірін жерлеу рәсімі өтіп жатқан», — делінген хабарламада.

    Қазіргі кезде үйінді аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →