Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты

    Сириядағы әскери академияға жасалған шабуылдан 100-ден аса адам қаза тапты

    Сирия үкіметінің бақылауындағы Хомс қаласындағы әскери академияға ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасап, салдарынан 100-ден аса адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ұлыбританияда орналасқан адам құқықтарының сақталуын бақылау жөніндегі сириялық мониторинг орталығы (SOHR) хабарлады.

    Сирияда ақпарат көздерінің кең желісі бар орталықтың мәліметінше, ұшқышсыз ұшақтардың шабуылынан қаза тапқан 100-ден астам адамның жартысына жуығы әскери оқу орындарының түлектері. Қаза тапқандардың арасында 14 бейбіт тұрғын бар. Сондай-ақ 125-тен аса адам жарақат алған. Ел армиясының өкілдері бұл шабуылға «белгілі халықаралық күштер қолдайтын лаңкестік топтар» жауапты деп мәлімдеген. Алайда әзірге оппозициялық күштер де, жиһадтық топтар да шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алмаған. Дегенмен алдын ала мәлімет бойынша, ұшқышсыз ұшатын аппарат Хомстың солтүстік-батысындағы оппозицияның бақылауындағы аудандардан ұшырылған.

    «Ақ дулығалар» үкіметтік емес ұйымы үкімет әскері Идлиб провинциясындағы бірнеше қала мен ауылға соққы жасағанын, салдарынан бес адам қаза тапқанын хабарлады. Сонымен қатар Sana мемлекеттік ақпарат агенттігі елдің қарулы күштері жасаған мәлімдемені жариялады. Мәлімдемеде кадеттерге диплом тапсыру рәсімі аяқталғаннан кейін бірден Хомс әскери академиясына жарылғыш заттары бар бірнеше дрон шабуыл жасағаны айтылған.

    «Агрессия салдарынан бірнеше бейбіт тұрғын мен әскери қызметкер қаза тапты, сондай-ақ салтанатты шараға келген отбасылардың мүшелері мен бірнеше студент жарақат алды», — делінген мәлімдемеде.

    Бірақ  қаза болғандар мен жараланғандардың нақты саны туралы мәлімет жоқ. SOHR ақпаратынша, қаза тапқандардың арасында офицерлердің бірінің баласы және бір әйел бар.

    Ақпарат көзі:  BBC News Русская служба

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →