Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті •

    «Ақшаны өз аяқтарыңмен алып келіңдер!»: мұғалімдер чатындағы жанжал қызу талқыға түсті

    Әлеуметтік желіде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының мұғалімдері чатындағы жанжал қызу талқыланып жатыр.

    Tengrinews.kz сайтының жазуынша, чатта белгісіз әйел курсқа барлық мұғалім қатысуға міндетті екенін, тізімді тексеретінін, ақшаны қолма-қол алып келу керектігін, 215 мұғалімнің 124-і ақылы жазылғанын айтады.

    «Ешқандай банк картасымен емес, төлемді өздеріңмен бірге алып келіңдер. Қатыспайтындар директордың қолы қойылған түсіндірме хат әкеліңдер», — дейді әйел.

    Алматы облысының білім басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Басқарманың мәліметінше, осы оқиғаға қатысты аудандағы оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері жазаланған.

    «1-4 маусым аралығында Еңбекшіқазақ ауданында екі күндік ақылы ағылшын тілі курстары өтті. Біз ақылы курстар мен семинарлар өткізуге қатаң тиым саламыз. Аудандағы оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері тиісті жазаларын алды», ​​- деді басқарма.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →