Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті • Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті • Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды •

    Шымкентте лифтіде балалы әйелді зорламақ болған күдікті ұсталды (ВИДЕО)

    Шымкенттік полицейлер лифтіде балалы әйелге шабуыл жасаған күдіктіні ізін суытпай ұстады.

    Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда Шымкент қаласы Қаратау полициясына жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Әйел өз шағымында үйдің лифтінде белгісіз адамның зорлауға оқталғанын айтты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК 24-120-бабы бойынша тіркеуге алды. Жасалған қылмыстың ауырлығы мен күдіктінің батылдығын ескере отырып, полиция департаменті ер адамның жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған тәжірибелі жедел уәкілдерден тұратын арнайы топ құрды.

    Іс полиция департаменті басшылығында ерекше бақылауға алынды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бірнеше сағат ішінде күдіктінің кім екенін анықтады. Ол жас жігіт мегаполис тұрғыны болып шықты. Жедел топ өкілдері оны қылмыстық жауапкершіліктен қашпақ болған жерінен Шиелі бекетіндегі поезд вагондарының бірінде құрықтады. Ол түнде Қаратау аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті қамауда. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →