Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Алматы метросын салу кезінде 5 млрд теңге ұрлаған тұлғаларға қатысты тергеу аяқталды

    «Метрополитен» КМК бұрынғы басшылығы, сондай-ақ мердігер ұйымдар — «Алматыметроқұрылыс» АҚ және «Автоматтандыру және технологиялар сервисі» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық іс ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы және 216-бабының 3-бөлігі бойынша қозғалған.

    Күдіктілер Алматы қаласы метрополитенінің жаңа желісін салу кезінде ауқымды басқару функциясына ие болған. Дәл осы өкілеттіктер оларға қылмыстық жағдай жасауға және 5 млрд теңге ұрлауға мүмкіндік берді.

     

    “Ол үшін олар жалған баға ұсыныстарын жинақтап, олардың негізінде құны 10 есе жоғары болатын жабдықтарды сатып алуға смета жасады. Кейіннен жымқырылған қаражатты «жалған кәсіпорындар» арқылы қолма-қолға айналдырды. Жымқырған ақшаны қайтару үшін үш қымбат пәтерге, Алматы қаласындағы бір кеңсеге, Алматы облысындағы жер учаскесіне, люкс автокөліктеріне, брендтік сағаттарға және күдіктілердің басқа да бірқатар активтеріне тыйым салынды”, – делінген хабарламада.

     

    Бүгінгі таңда қылмыстық іс сотқа жолданған.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →