Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 448,4↑€ 504,6↑₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады • Алматыда Қызыл кітаптағы ителгілерді Қатарға әкетпек болғандар сотталды • Гүлзира Айдарбекова ұлын сынаушыларға жауап берді • Қазақстан гимнастары Азия ойындарында топтық көпсайыста қола жүлде алды • Ақтауда кәмелетке толмаған науқастың қайтыс болуына қатысты хирург ұсталды • Қазақстандық оқушылар жасаған NIS RocketQube спутнигі орбитаға шығарылды • Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады • Алматыда Қызыл кітаптағы ителгілерді Қатарға әкетпек болғандар сотталды • Гүлзира Айдарбекова ұлын сынаушыларға жауап берді • Қазақстан гимнастары Азия ойындарында топтық көпсайыста қола жүлде алды • Ақтауда кәмелетке толмаған науқастың қайтыс болуына қатысты хирург ұсталды • Қазақстандық оқушылар жасаған NIS RocketQube спутнигі орбитаға шығарылды •

    Qaz365.kz – BAQ liga чемпионы атанды

    Елордада шағын футболдан БАҚ өкілдері арасындағы BAQ liga чемпионатының ХIII маусымы мәреге жетті. Екі айдан астам уақытқа созылған біріншілікке 13 команда қатысты. В лигасында дебютант болса да Qaz365.kz ақпараттық порталының командасы топ жарды, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Команда жігіттері чемпиондық атаққа бір тур қалғанда қол жеткізді. Жеңімпазды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі марапаттады.

    Qaz365.kz командасы 12 матчта 29 ұпай жинады. Қарсылас қақпасына 60 гол соғып, өздері 30 доп жіберді. Үздік сұрмергендер номинациясында Qaz365.kz командасының екі бірдей ойыншысы үздік сұрмерген атанды. Атап айтсақ, Дастан Заманбеков пен Есенбол Иманғазы 22 голдан соқты. Сондай-ақ Дастан Заманбеков лиганың үздік ойыншысы атанды.

    Екінші орын Қанат Базылхан бастаған «Хабар-24» ұжымына бұйырса, үздік үштікті Monkey Media.kz түйіндеді.

    А лигасында «Қазмедиа» үздік шықса, екінші орын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұжымына бұйырса, үштікте Meta-ratings.kz бар.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →