Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 10 қыркүйек 2026 $ 454,0 528,1 5,29
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай облысында бір тәулікте 600 гектарға жуық аумақты өрт шарпыды Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді «Ата-аналар академиясы»: 12 500 адам оқытумен қамтылды Рамазан Амантай сынға жауап беріп, еңбегімен бағалауды сұрады ҚР ОСК төрағасы ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясымен қорытынды кездесу өткізді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Кітап оқитын ұлт» қоры меморандумға қол қойды Қостанай облысында бір тәулікте 600 гектарға жуық аумақты өрт шарпыды Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді «Ата-аналар академиясы»: 12 500 адам оқытумен қамтылды Рамазан Амантай сынға жауап беріп, еңбегімен бағалауды сұрады ҚР ОСК төрағасы ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясымен қорытынды кездесу өткізді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Кітап оқитын ұлт» қоры меморандумға қол қойды

    Үш азаматтығы бар әйел Қазақстаннан қуылды

    Қазақстандық, ресейлік және канадалық төлқұжаты бар әйел Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін мемлекеттік шекарадан өту кезінде «Үрлітөбе» шекаралық бақылау бөлімшесінің өткізу пунктінде ұсталды деп хабарлады Qazaq.Today басылымы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Ұсталған әйел сотта 2017 жылдың қарашасында Канада азаматтығын алғанын, ал 2022 жылдың наурызында Ресей азаматтығын алғанын айтты. Бірақ қазақстандық төлқұжатын өткізбеген және шетел азаматтығын алғанын айтпаған.

    «Әйел адам заңнан бейхабар болғанын айтып, толығымен кінәсін мойындады. Жалғыз ұлы мен немересі Канадада тұратынын, ал Қазақстанда туыстары жоғын айтып, елден шығармауын сұрады», – деді Павлодар облсының Железин аудандық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

    Сот үкім шығарарда әйел адам кінәсін мойындағанын және әкімшілік құқықбұзушылықты алғаш рет жасағанын ескеріп жазаны жеңілдетті.

    «Сот әйелді Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 496-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, Қазақстаннан шығарып жіберу түрінде әкімшілік жазаға тартылды», – делінген хабарламада.

    Сот үкімі заңды күшіне енді. Сот құжатында заң бұзған әйел Қазақстаннан 10 тәулік ішінде кетуі керегі айтылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →