Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Құламбаева Гуанчжоу турнирін жеңіспен бастады • Бағдат Сабаз әлем чемпионатын жеңіспен бастады • Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып қаза тапты • Қырғызстанның оңтүстігінде магнитудасы 3,1 жер сілкінісі болды • Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Құламбаева Гуанчжоу турнирін жеңіспен бастады • Бағдат Сабаз әлем чемпионатын жеңіспен бастады • Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып қаза тапты • Қырғызстанның оңтүстігінде магнитудасы 3,1 жер сілкінісі болды • Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды •

    Жетісу облысының 3 әкімі 1 млн теңгеден айыппұл арқалады

    Жетісу облысында Табиғат қорғау заңнамасы саласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жұмыс істеуі (бұдан әрі-ҚТҚ) бойынша жүргізілген талдау қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

    Облыстық прокуратура мәліметінше, кейбір аудандарда қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары құқық белгілейтін құжаттарсыз жұмыс істейтіні анықталған.

     

    “Мысалы Алакөл ауданында 23 ауылдық округте (56 елді мекен) 33 ҚТҚ полигоны бар, алайда оның ішінде тек Достық округындағы «Шыңдәлі» полигонында құқық белгілейтін құжат бар. Осыған ұқсас фактілер Сарқан (9 факт), Көксу (7 факт) және Ескелді (1 факт) аудандарында анықталды”, – делінген хабарламада.

     

    Жоғарыда аталған барлық бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.

    Қазіргі уақытта актілерді қарау нәтижелері бойынша үш ауыл әкіміне 300 АЕК-тен астам сомаға айыппұл тағайындалды және бір аудан әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →