Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    Жетісу облысында басқарма басшысының бұрынғы орынбасары ұсталды

    Жетісу облысында жолға бөлінген қаржыны жымқырған экс-шенеунік ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Прокуратура Кербұлақ ауданында жол салу кезінде заңсыздыққа барған күдіктіні ұстады.
    Жетісу облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен «Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысының бұрынғы орынбасарын ұстады. Экс-шенеунік уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Ол Кербұлақ ауданы Малайсары ауылының кіреберіс автожолында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өзінің қызметтік жағдайын теріс пайдаланды деп күдіктелуде.

    «Мемлекетке 37 миллион теңгеден астам сомаға елеулі материалдық залал келтірілді. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

    Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етуге жатпайды.

    Тергеу жалғасуда.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →