Шайдоров Братиславадағы Непела мемориалын үшінші орынмен бастады
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Братиславадағы Ондрей Непела мемориалында қысқа бағдарлама бойынша 95,98 ұпай жинап, үшінші орынға жайғасты.
Сурет: ҰОК
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жаңа жарыс маусымын Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан ISU Challenger сериясындағы халықаралық турнирде ашты. Ол Олимпиада чемпионы Ондрей Непела мемориалында қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Шайдоров өз бағдарламасын орындағаны үшін 95,98 ұпай жинап, аралық есепте үшінші орынға жайғасты. Қысқа бағдарламадан кейін 101,16 ұпай жинаған Евгений Семененко көш бастап тұр. Екінші орында – 99,10 ұпай алған Италия өкілі Даниэль Грассль.
Ондрей Непела мемориалы Братиславада 24-27 қыркүйек аралығында өтеді. Турнир 2026/27 жылғы маусымдағы ISU Challenger сериясына кіреді. Ал Шайдоров үшін бұл жаңа маусымдағы алғашқы ресми жарыс.
